QARAKESEK - Сен келерсің Текст песни (слова)


Сен келерсің бір күні
Маған қымбат сый қылып
Жер бетінде күлкіні
Жанарыңа сыйдырып
Таң да арайлып атқанда
Бәлкім түсте, кешқұрым
Оттай жанған шақтарда
Құштарлықты кеш күнім.

Сағынышым сенгісіз,
Шала шабыт жыр түрі.
Қайдан, қашан белгісіз,
Сен келерсің бір күні.
Қайдан, қашан белгісіз,
Сен келерсің бір күні.
Сен келерсің бір күні…

Сенсіз жалғыз жабықтым,
Бақыт жүзін жасырып.
Түндер есік қағып тұр,
Жұлдыздары шашылып.
Арманға асық ғаламда,
Үміт алдай қарады.
Саған ғашық санамда,
Сәуле қалмай барады.

Сағынышым сенгісіз,
Шала шабыт жыр түрі.
Қайдан, қашан белгісіз,
Сен келерсің бір күні.
Қайдан, қашан белгісіз,
Сен келерсің бір күні.
Сен келерсің бір күні…

QARAKESEK - Сен келерсің Текст песни (слова)

Other lyrics by QARAKESEK


QARAKESEK – ОРАМАЛДЫ
Орамалын таққан ару үндемедi Сыр ашпады Сырын ашады, сырына куә Тек ашпады Қарлығаштың қанатындай қара қастары Орамал қызғанады-ау шаштары Жүрек қалай ала алмай қалды-ау басқаны...


QARAKESEK – ПЛАТЬЕ
За тобой заезжает сегодня какой-то другой В этот раз одеваешься в платье За окном снова серые тучи, капли дождя только в моем окне Сен кім...